Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды «Metallurg Fest» фестивалі өтті. «Kazakhmys» ұйымдастырған мерекелік шара қаланың орталық алаңына Ұлытау облысының мыңдаған тұрғыныy жинады.
Фестиваль металлургтер мен олардың отбасына құрмет көрсету мақсатында жыл сайын өткізіледі. Биылғы мереке балаларға арналған ойын және шығармашылық алаңдардан, аквагрим, химиялық шоу, сабын көпіршіктері қойылымы мен түрлі ойын-сауық бағдарламаларынан басталды.


Кешкі концертте IL’HAN, Болат Құсайынов, BAYANSULU, «Ялла» тобы, Sadraddin және Ne Prosto Orchestra өнер көрсетті. Көрермендер сүйікті әндерін бірге орындап, мерекелік атмосфераны ерекше сезінді.

Фестивальдің қорытындысында Мадияр Тойболды жетекшілік ететін «Ne Prosto Orchestra» симфониялық бағдарлама ұсынды. Ал мерекелік кеш Жезқазған аспанын түрлі түске бояған отшашумен аяқталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы