Басты Жаңалықтар Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген 500-ге жуық азаматқа шара қолданылды

Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген 500-ге жуық азаматқа шара қолданылды

Елордада демалыс орындарда қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген 500-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 14-шілдеде басталған профилактикалық рейд, кеше Ататүрік саябағында жалғасты. 

Тазалық пен абаттандыру ережелерін сақтауға және тұрғындардың мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды шара Байқоңыр ауданында осымен 5 рет өтіп жатыр. Аудан әкімдігі, полиция басқармасы өкілдері «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде қоғамдық тәртіпті те назарға алған. Қоқыс тастап, жасыл желекті бүлдіргендер мен мүлікті зақымдағандарға жаза бар. 

Абзал Жетпісбайұлы, қалалық ПД Байқоңыр аудандық бөлім бастығының орынбасары:

Абаттандыру қағидасын бұзу, ластау 434 бабы бойынша 10 АЕК айыппұл салынады және 40 сағаттық қоғамдық жұмыс бар. 505 бабы бойынша 10 АЕК көрсетілген. Бұл жерде кәсіпорынға байланысты. Жеке кәсіпкер болса айыппұл көлемі өсе береді. 20, 30 ең жоғары, ал айналасын ластайтын болса 100 АЕК көрсетілген.

Рейд барысында қала тұрғындарына арнайы абандандыру ережесін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңестер берілді. Экологиялық мәдениетті қалыптасытруға арналған түсіндірме парақша таратылды. Табиғат аясында демалушыларға тынығу орнын таза ұстау қажеттігі ескертілді.

Батырбек Нұрислам, Байқоңыр ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы:

Басты мақсатымыз айыппұл салу емес. Тұрғындардың экологиялық міндеті мен жауапкершілігін арттыру. Өйткені таза қала әрбір тұрғынның мәдениетінің көрсеткіші.

Айта кетейік, рұқсат етілмеген орында сауда жасауға да тыйым бар. 3 күнде осы ережені бұзған 78 елордалық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп пен тазалыққа бақылау жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

Бөлісу