4 теміржол вокзалы қайта ашылды
Ақмола облысы бойынша жаңартылып жатқан 16 теміржол вокзалының төртеуі қайта ашылды. Олардың қатарында Щучинскідегі «Бурабай курорты» теміржол вокзалы және Макинск, Ақкөл мен Шортандыдағы бекеттер бар.
1988 жылы ашылған «Бурабай курорты» вокзалы осымен екінші рет жөндеуден өтті. Биыл инженерлік желілері толық жаңартылды әрі ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, пандус пен лифт орнатылып, тактильді бағыттаушы жолақтар мен арнайы санитариялық торап жасақталған. Күрделі жөндеуден кейін теміржол бекеті күніне 1500-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетіп отыр. Өңірдегі қалған теміржол вокзалдары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 89 пайыз орындалған.
Владимир Кулаков, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Облысымызда 9 вокзалдың құрылысы 90 пайыздан асырылды. Ол республикамыз бойынша ең үздік көрсеткіш. 9 вокзалды осы шілде айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Екі вокзал тамыз айында. Ол Есіл мен Атбасар қаласы және бір вокзал Көкшетау қаласы, қазан айының соңына дейін тапсыру жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы