Таза Қазақстан – таза аймақ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Тараз жастары белсенді атсалысты. Олар таңсәріден қаланың орталық саябағын тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Белсенді жастар бірнеше сағаттың ішінде белгіленген аумақты айнадай етіп, ондаған қап қоқыс шығарды. Жыл басынан бері еріктілер 5 тоннадан астам қоқыс шығарған.
Зере Ережеп, қала тұрғыны:
Жаз басталғалы бері «Жасыл ел» еңбек жасақтарында жұмыс істеймін. Біз «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, қаламыздың көрікті болуына үлес қосып келеміз.
Дәулет Темірғалиев, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:
Қалалық жастар ресурстық орталығы мұндай акцияларды белсенді қолдайды. Біз тазалық жұмыстарына белсенді атсалысамыз. Қазір де 20-дан аса жас пен қызметкерлеріміз тазалыққа атсалысуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06