Ел жаңалықтарына шолу
Tarlan Astana ₸ 500 миллионнан аса табыс тапқан
Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске
қосылғаннан бері 500 млн теңгеден астам табыс әкелді. Маусым айында LRT
қызметін 2,1 млн жолаушы пайдаланған. Айта кетейік, тасымалданушылар саны
бойынша елордалық көлік желісі Алматы метросының көрсеткішіне жақындай түскен.
Сарапшылар мұны желінің ұзындығымен байланыстырып отыр.
Қазақ тіліндегі архив құжаттары ЖИ көмегімен цифрландырылады
Қазақ тіліндегі архив құжаттары жасанды интеллект көмегімен цифрлық форматқа
көшіріледі. Бұл іске отандық және шетелдік мамандар әзірлеген мәтінді 99
пайызға дейін дәлдікпен танитын жүйе мүмкіндік бермек. Қазір жоба аясында қазақ тіліндегі кітап,
құжат және түрлі мәтіндерден тұратын 10 млрд-тан астам тілдік дерек
жинақталған. Сондай-ақ 10 мың сағаттан астам аудиоматериал өңделді.
Халықтың 44,5 пайызы спортпен тұрақты айналысады
Ел халқының 44,5 пайызы дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысады. 4 пен 17
жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысады. Жалпы
елімізде 526 спорт мектебі және 26,5 мың нысан жұмыс істейді.
Үкіметтің мәліметінше, азаматтардың белсенді өмір салтын ұстануы халықаралық
аренадағы жетістіктерге ықпал етеді. Жыл басынан бері қазақстандық атлеттер
халықаралық жарыстардан 152 медаль жеңіп алды.
15 жастағы қазақ футболшысы «Барселона» ойыншысы атанды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 15 жастағы ойыншысы Кәрім Меңдіқанов
Испанияның әйгілі «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы ол
әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Айта кетейік, Кәрім 2022 жылдан
бері Испаниядағы жергілікті футбол құрамасы сапында болды. Ал 2026 жылдың басында
«Сант-Кугат» командасына негізгі
ойыншыларының біріне айналды. Бүгінде ала доп шебері Ұлттық құраманың
жасөспірімдер командасында өнер көрсетеді.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12