Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екі әлеуметтік зерттеу қоғамдағы саяси көңіл-күй мен сайлау белсенділігіне қатысты оң үрдісті көрсетті. Бұл туралы «Sarap» сарапшылар клубының отырысында жарияланды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 86,9 пайызы ел Президентіне сенім білдіреді. Респонденттердің 84,1 пайызы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалаған. Сондай-ақ қазақстандықтардың 75,1 пайызы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізген. Сарапшылардың айтуынша, бұл қоғамның саяси үдерістерге қызығушылығының артқанын және мемлекеттік институттарға деген сенімнің сақталғанын көрсетеді.
Риззат Тасым, институционалды талдау және реформалар орталығының директоры:
Бүгінгі таңда жастардың 18-28 жас аралығындағы азаматтардың 66,9 пайызы сайлауға уақытта белсенді қатысамын деп жатса, яғни ересек азаматтар, 45 жастан жоғары азаматтардың арасында, әсіресе 60-жастан жоғары азаматтар арасында бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жетіп отыр. Екінші мәселе, яғни біз көбіне айтамыз ғой, ауылдың арасында саяси белсенділік төмендеу деп. Жоқ зерттеу керісінше мәлімет көрсетіп отыр.
Нейла Мұхтарова, саясаттанушы:
Егер бұрынғы буындар жалпы уәделерге, негізгі партиялардың саяси бағдарламаларына сеніп қабылдайтын болса, қазіргі жаңа буын олар бұл партиялар немесе нақты кандидаттар қандай осы күнге нәтижеге жетті, қандай қорытындыға жетті. Соны көргілері келеді. Бүгінгі күнге жеткен жетістіктеріне сүйемелдеуге тырысады. Саяси партиялар бүгінгі күнге дейін істеген жұмыстарын көрсете білу керек деп ойлаймын.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік зерттеу: Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді
17.07.2026, 17:47
Арал ауданындағы «Қамыстыбас» тоғанында 12 млн-нан аса шабақ өсірілді
17.07.2026, 17:37
Ел жаңалықтарына шолу
17.07.2026, 17:35
Сайлау мәдениет – саналы қоғамның белгісі
17.07.2026, 17:33
«Ақ жол» партиясы кандидаттарын тіркеді
17.07.2026, 17:30
Конституция – ел дамуының жаңа бағыты
17.07.2026, 17:27
Біраз азық-түлік арзандады
17.07.2026, 17:22
900 әлеуметтік кәсіпкер 10 мыңдай адамды жұмыспен қамтыған
17.07.2026, 17:20