900 әлеуметтік кәсіпкер 10 мыңдай адамды жұмыспен қамтыған
Кейінгі үш жылда 900-ге тарта әлеуметтік кәсіпкер 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтыған. Биыл бизнес өкілдерін қолдау үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Енді олар мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатыса алады. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін қоғамдық жұмыс орындарын 50 пайызға дейін көбейте алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Орталық Азиядағы алғашқы әлеуметтік инновациялар хаб жобаларымен танысу барысында айтты. Қатысушылармен пікір алмасып, инклюзивті кофехана жұмысына куә болды.
Эмин Әскеров, Social innovation HUB
төрағасы:
Осы хабты біз былтыр аштық. Мақсатымыз ерекше адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлер мектебі болып жатыр. Адамдарды біз тегін оқытып жатырмыз. Шамамен 30 адамды үйреттік. 8 адам қазір бізде жұмыс істеп жатыр.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23