Астанада жарты жылда 27,3 тонна алтын құйма шығарылды
Астанада жыл басынан бері 27 тоннадан астам алтын құйма шығарылды. Елордада өңделген бағалы металлды кімдер сатып алады? Үгіндіні құймаға айналдыру үшін мамандар қандай технология қолданып жатыр? Біздің түсірілім тобы зауытқа барып, өндіріс барысын көріп келген еді. Сюжет көрейік.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Біз қазір еліміздегі ең ірі аффинаж зауытындамыз. Ұлттық банктің алтын құймалары осында шығарылады. Мына біреуінің салмағы мәселен, 12 келі. Көтеру мүмкін емес екен. Бағасы шамамен 800 млн теңгеден асатын бір ғана құймаға Астанадан 40 пәтер алуға болады.
Жерден қазылған алтын осы зауытқа жеткізіледі. Мұнда мамандар бағалы металды өлшеп, балқыту цехында өзге қоспалардан тазартады.
Қожа Мұратбеков, Балқыту және құю цехының бастығы:
Құрамындағы алтынды және күмістің құрамын қарап, бір шешімге келеміз. Мысалы, құрамында 80 пайыз алтын болса одан алтын анодтарды құямыз. Ал егер 50 пайыз күміс болса үлкен пештерде күмістен анод құямыз.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Зауыттың алтын балқытатын бөліміндеміз. Көріп тұрғандарыңыздай мұнда лаулап тұрған от көп емес. Бәрі заманауи технологиямен жабдықталған. Негізінен жабық пештер. Маманнан толығырақ сұрап білейік. Алтын балқыту процесі қалай жүреді?
Сымбат Мұратбеков, балқытушы:
Менің қазір істеп жатқан жұмысым – мына пеште балқытқаннан кейін + 01 36 бірден осылай ала береміз. Түк қиындығы жоқ көрініп тұрады алтын. Тере береміз осылай бөлек.
Мұнда арнайы электролит құрылғылары ортанылған. Кәдімгі кіржуғыш машиналарға ұқсайды. Олар алтынды өзге қоспалардан 99 пайызға дейін тазартады. Міне, дәл қазір маман жұмыс істеп жатыр. Алтынды тазартуға қанша уақыт кетеді?
Мерей Үшкемпір, алтынды электролиздеу бөлімінің бастығы:
Алтынды тазартуға бізде 1 тәуліктен көп уақыт кетеді. 36 сағаттай шамамен +01 15 Мұнда алтын жуылады, тазартылады. Алтыннан шыққан бу нақтырақ айтсақ. Труба арқылы міне көріп тұрсыздар.
Бұдан соң цех қызметкерлері алтынның пішінін келтіріп, құймаға айналдырады. Бір жылда 57 тоннаға дейін шығарады. Оның барлығын Ұлттық банк сатып алып, өз қорына қосады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы