150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Көкшетаудағы 150 орындық оңалту орталығының құрылысымен танысты. Сондай-ақ, әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Жауапсыз мердігердің салғырттығынан нысанның құрылысы біраз тұралап қалған еді. Бүгінде сот шешімімен мердігер ауысты. Сонымен бірге нысанның жобалық-сметалық құжаттамасына да түзетулер енгізілді. Бұл жаңа мердігердің жұмысты тездетіп жалғастыруына сеп болды. Қазір ол құрылысты өз қаражаты есебінен жүргізуде. Айта кетейік, 150 орындық оңалту орталығы мұқтаждығы бар адамдарға арналған. Мұнда жылына шамамен 1500-ден астам адаға медициналық қызмет көрсетілмек. Қазіргі уақытта елімізде осындай тағы 4 оңалту орталығы салынып жатыр.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Оңалту орталығы жай ғана жаңа ғимарат емес, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге, әлеуметтік бейімделуіне және өмір сүру сапасын арттыруға барлық жағдай жасалған заманауи мекеме болуы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы