Биылғы ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты
2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты. Сынақ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өткен еді. Биыл жоғары оқу орнына түсу емтиханы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша 120 тапсырма орындады. Ең жоғары балл – 140. Мұндай көрсеткішке ел бойынша 10 талапкер қолжеткізді. Айта кетерлігі, биыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектер саны 9 есеге артқан. Оларға қосымша 40 минут уақыт және арнайы жағдай жасалған. Айта кетейік, мемлекеттік білім беру гранттарына өтініш қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Тегін оқу мүмкіндігі иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Гүлжан Жарасова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитетінің
төрағасы:
ҰБТ-ға қатысқан талапкерлердің шамамен 76%-ы шекті балл жинады. Орташа балл – 69. Талапкер таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика – Физика». Бұл комбинацияны талапкерлердің 18%-ы таңдады. Одан кейін «Биология – Химия» және «Шығармашылық емтихан» (12%) комбинациялары орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы жылдары гранттардың басым бөлігі инженер, техникалық бағыттарға бөлінеді. Сол үшін математика, физиканы көп талапкер таңдауы заңды құдылыс деп есептейміз.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06