630 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алады
Қазақстанда көпбалалы 636 мың отбасы жәрдемақы алады. 1 шілдедегі мәлімет бойынша оларға 303 млрд теңге төлем жасалған. Жалпы елімізде балалы отбасыларға арналған 5 негізгі қаржылай қолдау түрі бар. Яғни сәбилі болғанда біржолғы жәрдемақы беріледі, көлемі 164 350 теңге. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға 272 475 теңге болып белгіленген. Бұдан бөлек, жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік төлемдер, көпбалалы және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Айта кетейік, биыл барлық қаржылай қолдау 10 пайызға ұлғайтылды.
Алтынжан Маясарова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі департамент басқармасының басшысы:
4 баласы бар отбасыларға 69 330 теңге, 5 баласы бар отбасыларға 86 673 теңге, 6 баласы бар отбасыларға 104 017 теңге, 7 баласы бар отбасыларға – 121 360 теңге, ал 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әрбір балаға 4 АЕК немесе 17 300 теңгені құрайды.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23