Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейсі көбейеді
Қазақстан мен Қытай арасында əуе рейсінің саны артады. Екі елдің апталық əуе тасымалы 124-тен 152-ге дейін көбеймек. Сонымен қатар, Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайды.
Тараптар Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей рейс ашу жəне үшінші халықаралық əуе дəлізін құру мəселелерін
талқылады. Бұл екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Қызылордада 3 вокзалды толық жаңартты
Қызылорда облысындағы Қазалы, Жаңақорған жəне Шиелі теміржол
вокзалдары күрделі жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді. 1903 жылы салынған
Қазалы бекеті арқылы енді тəулігіне 24 жолаушылар пойызы қатынайды. Жаңақорған
вокзалының ғимараты кеңейтіліп, 30 пойыз бағытына қызмет көрсетпек. Ал 1904
жылы ашылған
Шиелі 26 жолаушылар пойызы өтетін станцияға айналды. Министрліктің сөзінше, вокзалдар жолаушыларға қолайлы инфрақұрылыммен толық жабдықталған.
Жаңа өндірістерге инвестиция тартуда Қазақстан Орталық Азияда көш бастады
Қазақстан жаңа зауыттар мен өндіріс орындарын ашу үшін шетелден
инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда бірінші орынға шықты. Былтыр осындай
жобаларға 19 млрд доллар қаржы құйылған. Жалпы шетелдік тікелей инвестиция
көлемі 20,5 млрд долларға жетіп, 14,4%-ға өскен. Негізгі инвесторлар қатарында
Нидерланд, Ресей, Қытай, Біріккен Араб Əмірліктері жəне Сингапур бар. Үкімет бағытты
дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыратынын мəлімдеді.
БҚО-да астық жинау рекордық деңгейге жетті
БҚО шаруалары биыл рекордтық көлемде бидай жинап жатыр. Тасқала
ауданындағы «Атамұра» шаруа қожалығы 500 гектар алқаптың əр гектарынан 50
центнер өнім алып отыр. Сала министрінің айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында
өңірдің агросаласы дамып келеді.
Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі 70 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге өскен. Егіс алқабы 676 мың
гектарға жетіп, өнім көлемі 82,2 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы