Ақмола облысында 3 адам суға батып кетті
Ақмола облысында өткен бір тәулікте 3 адам суға батып кетті, тағы бір адам бассейнге секіріп, ауыр жарақат алды.
Шілденің шіліңгір ыстығында сая іздегендер су айдындарын жағалап жүр. Сондықтан жағажайларда қауіпсіздік күшейтілді. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қайғылы жәйттердің басым бөлігі шомылуға арналмаған жерде тіркелген. Мәселен, Атбасар ауданында 18-19 жас шамасындағы бес азамат Есіл өзенінің арғы бетіне жүзіп өтпек болған. Алайда олардың бірі суға батып кетті. Ал Целиноград ауданында Нұра-Есіл каналында шомылған жасөспірім көз жұмды. Жазатайым оқиға өткен демалыс күндері де көп болды. Ол кезде 5 адам суға кетіп, көз жұмды.
Аслан Нұрханов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының аумағында 19 адам суға батып кетті. Бүгінде су айдандарында қадағалау жұмыстары күшейтілді. Оған төтенше жағдайлар департаментінің 102 құтқарушысы, 32 жүзу техникасы тартылды. Судағы ережелерді сақтамағаны үшін 124 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз ата-аналарды балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Тек рұқсат етілген жағажайда шомылыңыздар.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06