Ел жаңалықтарына шолу
Грант конкурсына құжат қабылдау басталды
Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарына құжат қабылдау басталды. Талапкерлер
өтінімді жоғары оқу орындарына барып не болмаса eGov.kz порталы арқылы онлайн
тапсыра алады. Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Айта кетейік, ауыл
жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар
қарастырылған. Конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.
Астана мен Алматыдан Анкараға әуе рейсі көбейеді
Тамыздан
бастап AJET әуе компаниясы Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттарындағы
рейстер санын көбейтеді. Қазір аталған маршруттар бойынша рейстер
аптасына екі рет орындалып жүр. Келесі айдан бастап жолаушылар күн сайын дерлік
ұша алады. Әуе сапарының көбеюі Қазақстан мен Түркия арасындағы
байланысты нығайтып, туризм, бизнес және сауда-экономикалық ынтымақтастықты
дамытуға мүмкіндік береді.
Altai-Fest-тегі Димаштың концертіне
50 мыңнан аса халық жиналды
Қатонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық
фестивалі Димаш Құдайберген қатысқан гала-концертпен түйінделді. Шараға 50
мыңнан астам көрермен жиналған. Фестивальге
әлемнің 30-ға жуық елінен делегация қатысып, жанкүйерлер Индонезия, Өзбекстан, Әзербайжан, Чехия, Германия,
Франция, Польша және басқа да мемлекеттерден арнайы келген. Кеште қазақтың халық әні «Aqerke» алғаш рет заманауи өңдеуде
орындалды. Одан бөлек рок стилінде орындалған «Адай» күйі де тындаушылардың
көңілінен шықты.
Алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды
Қазақстанда қан донорларына арналған «Құрметті донор» төсбелгісі
тағайындалды. Оны
40 рет қан тапсырған адам алады. Тромбоцит, 70 рет плазма тапсырған азаматтарға
да беріледі. Алғашқы иегерлері де белгілі. Талапқа сай келетін ел ішінде 481
тұрақты донор бар. Төсбелгі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да
беріледі.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07