«Baiqymyz» гастрофестивалі басталды
Астанада «Baiqymyz» гастрофестивалі басталды. Биыл екінші рет ұйымдастырылған іс-шара биыл кең көлемде өтіп жатыр. Республиканың әр аймағынан қымыз өндірушілер, алыс-жақын шет елдерден туристер жиналған.
«Baiqymyz» фестивалі биыл рекорд жаңартты. 60 шаруашылық 56 тонна қымыз әкелген. Жеңімпаздар «BaiQymyz», «Ем қымыз» және «Халық таңдауы» аталымы бойынша анықталады. Қымыздың дәмін, құрамын, ашыту технологиясын кәсіби тұрғыда бағалайтын сарапшылар бар. Бірақ бірінші кезекте халықтың пікірі ескеріледі.
Бал қымыз, тай қымыз, құнан, дөнен бесті – мұнда ұлттық сусынның барлық түрі бар. Тегін дәм татуға болады. Тұрғындар мынадай кьар код арқылы дауыс бере алады.
Әдемау Есмағамбет, қала тұрғыны:
Мен Ұлытаудың қызымын. Сондықтан Ұлытау жаққа жақтасайын деп келіп едім. Бірақ қымыздың бәрі керемет боп шықты. Әрқайсының өз ерекшелігі бар.
Басты мақсат – қымызды ұлттық бренд деңгейіне көтеру. Бұл алаң - өндірушілерге өнімін сертификаттап, халықаралық нарыққа шығаруға жол ашады.
Сабина Мукина, Павлодар облысының тұрғыны:
Біздің қымызымыз Ганконгта, Берлинде орын алған. Өзіміз сублимациялық тағам ретінде шығарамыз. Мен Мукин әулетінің келінімін. Байқымыз фестиваліне қатысып жатқынмызға қуанышытымыз өте.
Фестиваль «Қазанат» иппадромында өтіп жатыр. Дәл қазір концерттік бағдарлама басталды. Ауқымды шара ертең де болады. Келушілер алдына ала ресми сайттан билет сатып алуы шарт. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.
Тамара Найзабекова, зейнеткер:
Өте ұнады. Қазір қымыз ішіп көреміз. Baiqymyz фестивалі дұрыс іс-шара ғой бұл. Қазір адамдардың көбі қымыз ішпейді. Қымыз өте пайдалы.
Фестиваль аясында «Дәстүр сәні» байқауы ұйымдастырылады. Ұлттық нақышта киініп келген үздік образ иесіне жылқы сыйға тартылады. Бұдан бөлек, жәрмеңкелер, түрлі акциялар да өтіп жатыр. Соның бірі – «Заң мен тәртіп». Оның аясында ашық микрофон алаңы ашылды. Мұнда келушілер қоғамдық тәртіпке қатысты заң аясында сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған робот итті тамашалай алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы