«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: Шетелдіктер BaiQymyz-2026 фестиваліне тәнті болды
Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестиваліне келген шетелдік қонақтар қазақ мәдениеті, ұлттық тағамдары мен қонақжайлығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Фестиваль аясында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, этноауылды, қолөнер көрмелерін аралап, ұлттық спорт түрлері мен ат спорты жарыстарын тамашалады. Әсіресе қымыз бен қазақтың ұлттық дәстүрлері шетелдік меймандарға ерекше әсер қалдырған.
Олардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жақынырақ тануға мүмкіндік берген.
Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі Астанадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06