«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
Бүгін шығыстағы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі басталды. Биылғы фестиваьдің ауқымы да айтарлықтай кеңейді. Оның бір айғағы - Димаш Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылып отыр. Екі күнге созылатын фестивальде ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдық мерейтойы тойлананды. Ақынның туған ауылы Берелде «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» поэзия фестивалі өтеді. Ал ертең «Ақтанымын Алтайдың» атты ақындар айтысы өтеді. Сонымен қатар бәйге де болады. Тақымы мықты жігіттер көкпар тартады. Киіз үй маңында қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылады. Фестиваль соңы түркі мемлекеттерінің белгілі өнер жұлдыздарының гала-концертімен түйінделмек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06