«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. Кезектен тыс үшінші съезде сайлауалды бағдарлама да жарияланды. Жанел Нұрболатқызы тарқатады.
Мыңнан астам делегат Тәуелсіздік сарайына жиналып, партияның сайлауалды бағдарламасын бірауыздан қолдады. Құжатта 8 бағыт бар. Цирфландыру, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, экология мен мәдениет салалары қамтылған. Бағдарлама «Халық үнін еститін мемлекет» қағидатына сай дайындалды, дейді партия өкілдері. 10 мыңға жуық азамат ресми сайт арқылы тұрғындардан келген ұсыныстарды жан-жақты саралады.
Айдос Сарым, Делегат:
Бүгінде жұртты қызықтырып отырған бірнеше үлкен мәселе бар. Мысалы, ол баға мәселесі, тауарлардың бағасы, жалақы, әділет - қоғамды не алаңдатып отыр сол, ол фейсбукте айқайлап отырғандар емес, кәдімгі мыңдаған адамнан алынған опростар. Соны негізге алсақ мәселелер саясат сахнасында емес, әлеумет, экономика саласында.
Съезд делегаттары кандидаттардың тізімін бекітті. Оған ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, айти, мәдениет және спорт өкілдері – барлығы 186 азамат енді.
Жарқынбек Амантай, делегат:
Негізгі партияның ұстанымына халықтың әл-ауқатын арттыруға мемлекеттің саяси реформаларын жүзеге асыру алдағы негізгі меженің бірі. Жалпы алғанда партия еліміздің қай саласын алсаңыз да бүкіл салаға қатысты бағдарламасы бар.
«Әділет» – ресми атау ғана емес, бұл партияның негізгі ұстанымы. Басты құндылық – заң үстемдігі дейді, партия төрағасы. Халықтың талап-тілегін ұдайы назарда ұстау маңызды. Осы ретте партия бірыңғай жүйені іске қосты. Арнайы кьюар код арқылы немесе егов порталынан саяси ұйымға мүшелікке өтінші беруге, бастамалар ұсынуға және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға қатысуға болады.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
Білімге ұмтылмаған қоғам инновациялық мемлекетке айналмайды. Өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарамаған халықтың ертеңі баянды болуы да екіталай. Сондықтан біз қабылдаған бағдарламаның түпкі идеясы - мемлекет пен қоғам және жеке азаматтың үйлесімді серіктестігі.
Енді партия өкілдері өңірлерді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруге кіріседі.
Әнуарбек Бимағамбетов, делегат:
Ең бастысы - өңірдің негізгі проблемасы әртүрлі еңбек даулары осы нәрсені түзетіп, ауыл шаруашылығы бар, туризм, басқа да салаларды кеңінен дамытатын болсақ өңірдің экономикасы да, әлеуметтік жағдайы да түзеледі деп есептеймін.
Ербол Шыма, делегат:
Өзекті мәселе - халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы мәселені біздің бара жатқан үміткерлеріміз көтеріп, елге жаңашылдық алып келеді деп ойлаймын. Әділет партиясы бұл - заң мен тәртіп. Заң сақиталған жерде қоғамда әділдік пайда болады.
Партия ауыл-аймақтарда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп қана қоймай, өзекті мәселелерді назарға алмақшы. Өңірлік желілерді дамыту ұйымның берік негізін қалыптастырып, жұмысты ілгерілете түседі деп санайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы