Мемлекет басшысы АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Президент Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы байланыстың маңызына тоқталып, Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06