Ресейде жоғары оқу орындарына түсу қиындады
Биыл Ресейдің жоғары оқу орындарына түсу қиындап, оқу ақысы 18 пайызға қымбаттады. Сондықтан шетелден келетін студент саны да күрт азайған. Ресейдің барлық жоғары оқу орындары бірінші қыркүйектен бастап Болон жүйесінен түбегейлі шығады. Елде жоғары оқу ордаларының саны екі есе қысқарған. Енді бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе – 4 жылдық бакалавриат, және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы «специалитетке», яғни 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Ал магистратураның орнына мамандандырылған жоғары оқу орны, 1-3 жылдық білім бағдарламасы енгізіледі.
Светлана Брюховецкая, экономика
ғылымдарының кандидаты:
Сонымен қатар жоғары оқу орындарында ақылы негізде орындардың да саны қысқарады. Нарыққа қажет емес мамандықтар оқытылмайды. IT, инженерия салаларына басымдық беріледі. Саны бар, сапасы жоқ оқу орындарының саны алдағы уақытта да қысқара береді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06