Басты Жаңалықтар Әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен балаларды қалай қорғаймыз?

Әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен балаларды қалай қорғаймыз?

Балалардың 46 пайызы интернетті 5 жасынан пайдалана бастайды. Бұл ЮНИСЕФ-тің Қазақстанда жүргізген зерттеуінің нәтижесі.  Мамандар жеткіншектердің бір бөлігі интернетте бейтаныс адамдармен сөйлессе, 21 пайызы шынайы өмірде кездесуге дайын екенін анықтаған.  Ал Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек,  жыл басынан  бергі әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балалар үшін қауіпті әрі заңсыз 27 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде онлайн-казино, есірткі мен құмар ойынды насихаттау да бар. Сонымен қатар суицид, зорлық-зомбылық және балалардың денсаулығына зиян келтіретін өзге де ақпараттар тіркелген. Әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен баланы қалай қорғауға болады? Елорда тұрғындарының пікірі мынадай.


Бөлісу