Басты Жаңалықтар Торайғыр ауылы ең үздік туристік елді мекен атанды

Торайғыр ауылы ең үздік туристік елді мекен атанды

Павлодар облысындағы шалғай елді мекен «Қазақстанның 2026 жылғы үздік туристік ауылы»  атанды.

Бұл - Баянауылдағы атақты Торайғыр көлі. Ұлттық байқау қорытындысы бойынша еліміздің үздік бестігіне кірген  Торайғыр ауылы осы айдынды жағалай қоныс тепкен.  Озық, үлгілі атануына осы аумақта тұрып жатқан адамдардың еңбекқорлығы себеп болды. Соңғы жылдары тұрғындар әсіресе тазалыққа аса мән беретін болғанЖергілікті тұрғындар шағын қонақ үйлер ашып, ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіп, келген қонақтарға қазақы қонақжайлық танытып жүр. Алайда ауылға ат басын бұрған саяхатшыларды ең алдымен оның қайталанбас табиғаты қызықтырады. Мұнарлы таулар мен мөлдір көл үйлескен көркем көрініс Торайғырды ерекше мекенге айналдырып отыр.

Ғабдулламәлік Ыбырай, Торайғыр ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:

Қыста да бізде өте әдемі көл. Көлдің беті жып-жылтыр болып тұрады. Қыс бойы қаншама туристер келіп коньки тебеді, шаңғы тебеді. Ауыл әкімшілігі болып хоккей ұйымдастырамыз. Жан-жақтан спортшылар келеді. Қарағанды, Павлодар, Екібастұздан. Табиғат қой, табиғаты өте әсем. 


Бөлісу