Басты Жаңалықтар Жастардың сайлау мәдениеті – саналы қоғамның негізі

Жастардың сайлау мәдениеті – саналы қоғамның негізі

Жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыруда құқықтық сауатты арттырған абзал. Осы ретте саяси науқанның маңызын түсіндіруде жасанды интеллект те септігін тигізіп келеді.

Алматы қаласы бойынша жас сайлаушылар клубының төрағасы Бауыржан Маханбет осындай пікір білдірді. Оның сөзінше, қазіргі жастардың сайлауға деген қызығушылығы артып келеді. Алматы қаласы брйынша дауыс беруге құқылы 1 млн 300 мың адам болса, оның 33 пайызы – жастар.  «Сайлау мәдениеті тек дауыс беру күнімен шектелмейді, ол адамның ел тағдырына бей-жай қарамауын және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын білдіреді. Бұл мақсатта жас сайлаушылар клубы түрлі шара өткізіп келеді. Басты мақсат – жастардың саяси науқанға қатысуға деген ынтасын арттырып, азаматтық белсенділігі мен құқықтық санасының нығайту», - дейді клуб төрағасы.

Бауыржан Маханбет, Жас сайлаушылар клубының төрағасы:

Қазіргі кезде біздің жаңа идеяларымыз ЖИ арқылы әртүрлі видеоролик түсіреміз, балаларға арналған комикс жасаудамыз. Өткізіп жатқан семинар, тренинг, кездесулердің барысында жастардың сұрақтарына жауап беруге әрдайым дайынбыз.
Бөлісу