Нотариустарға талап күшейеді
Нотариустарға талап күшейеді. Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды. Не өзгереді? Тұрғындар нотариусқа жүгінерде нені білуі керек?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Елде 5 мыңдай нотариус жұмыс істейді. Олар бір жылда 11 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Осы аралықта халықтан талай оң пікір де, шағым да алды. Министрлік сол ұсыныс-тілекерді ескеріп, жаңа заң әзірледі.Қандай өзгерістер бар? Біріншіден, енді микроқаржы ұйымдары нотариусты өздері таңдай алмайды. Осыған дейін олардың арасында нотариустарға пара беріп, өз ырқына көндіріп алатындар болған. Борышкерлердің құқығы тапталды. Енді микроқаржы ұйымдарына нотарусты автоматты түрде жүйенің өзі таңдап береді.Екіншіден, жеке мәліметтерді таратқан нотаруистар енді бірден лицензиясынан айырылады. Әрине, бұл бұрыннан заңға қайшы әрекет саналады. Бірақ жаза жеңіл болатын.Тағы бір өзгеріс – нотарустардың жұмысына бақылау күшейеді. Министрлік бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе арқылы бәрін көріп отырады. Яғни, тұрғыннан шағым түссе, істің мән-жайы енді айқын көрінеді. Барлық ақпарат жаңадан құрылған цифрлық архивте сақталады. Заң қыркүйектің 8-інен бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы