Ресейде жанармай тапшылығынан дағдарыс басталды
Ресейде ауыл шаруашылығы саласында дағдарыс басталды. Шаруалар жанармай тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болғанын айтады. Кейбір шаруа қожалықтары, тіпті егін егу науқанын тоқтатуға мәжбүр болған.
Бензин тапшылығы аграрлық сектор үшін айтарлықтай шығын келтірді. Отыз бес өңірде алқаптардағы ауыл шаруашылы техникалары істен шыққан. Жергілікті фермерлер жанармайды қол канистрлеріне құюға тыйым салынғанын айтады. Сондықтан генераторлар, мотоблоктар мен мотоорақтар да жұмыс істемейді. Шаруашылықтарда отын қоры ең көп дегенде 2-4 апталық жұмысқа ғана жетеді.
Арсен Айбатов, шаруа қожалық басшысы:
Әрине, мәселе өте күрделі, қазір жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Бірақ экономикалық шектеулердің кесірінен банктердің пайыздық мөлшерлемесі өсті, логистика бұзылды. Салық та жыл сайын артуда.
Санкцияға байланысты жыл сайын астық
өндірушілердің таза табысы азаюда. Мәселен, 2020 жылы 1 тонна бидай шамамен 18
700 рубль тұрса, биыл 15 200 рубль. Шаруалар айлық қысқарғандықтан, жұмысшылар
жаппай жұмыстан кетіп жатыр дейді.
Алексей Волков, кәсіпорын директоры:
Оған қоса, саланы білетін білікті кадр жоқтың қасы. Сондықтан мамандарымызды арнайы оқуға жіберіп, біліктілігін арттырудамыз. Дегенмен жұмысшы жетпейді.
Ресейде биыл жыртылған, бірақ егін егілмеген,
иесіз иен қалған құнарлы егістік жерлердің үлесі артқан. Ең басты егін
аймақтары саналатын Воронеж, Краснодар өлкелерінде де жағдай мәз емес. Жыл
сайын федералды бюджетке тек астық баждарынан 100-200 миллиард рубль түсетін.
Алайда биыл қазынаға түсетін қаражат кем дегенде 40 пайызға кемиді, дейді
мамандар.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06