Құрылтай депутаттары сайлауына дайындық пысықталды
Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сараптамалық кеңестің алтыншы отырысы өтті. Жиында сайлау туралы заңның нормалары сөз болды. Әсіресе Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жайы кеңінен талқыланды. Енді саяси науқанға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы жіті бақыланады. Үгіт-насихат үшін сайлау қорынан тыс ақша немесе материалдық көмек алуға болмайды. Бүгінгі сараптамалық кеңесте осы өзгерістер саяси науқан кезінде қалай жүзеге асатыны талқыланды. Жиналғандар әр норманы егжей-тегжей қарап, Орталық сайлау комиссиясына ұсыныстарын жеткізді.
Снежанна Имашева, ҚР ОСК Жанындағы сарапшылық кеңестің мүшесі:
Мысалы, өте бір маңызды норма бар - сайлау фондынан тыс ешқандай саяси партия, кандитат қаражатты пайдалана алмайды. Тек қана сайлау фондының ақшасы негізінде өз агитациясын жүргізеді. Міне, осындай өзгерістер жарық көрді. Осыны бүгін эксперттік топ жіліктеп талқылайды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06