Түлектер тағы бір емтихан тапсыруы мүмкін
Түлектер енді Ұлттық бірыңғай тестілеумен қатар, AIT емтиханын тапсыруы мүмкін. Тапсырмалар талапкер таңдаған мамандыққа қарай түзіледі. Ұлттық тестілеу орталығы осылайша жастардың қай салаға икемі бар екенін анықтайды. Қазір өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер көбейген. Осы мәселені реттейтін тест келер жылдан бастап әуелі пилоттық режимде енгізіледі. Оның нәтижесі есепке алынбайды. Тестілеу орталығы жаңа емтихан түлектерге кәсіби бағдар анықтауға көмек бере ме, жоқ па - әуелі соны бақылап көрмекші. Десе де, жоғары сынып оқушылары дайындықты қазірден бастай бергені дұрыс, дейді мамандар.
Ләззат Шинетова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
Талапкерлерге біздің кеңесіміз – пәндік білімді терең меңгерумен қатар, ойлау, талдау жасау, өз пікірін дәлелдеуге көмек беретін дағдыларға көңіл бөлсе деп ойлаймыз. Дағды бір күнде пайда болмайды. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Алдағы уақытта талапкерлерге дайындыққа арналған материалдар ұсынамыз. Байқау сынақтары болады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00