33 дропперлік топтың жолы кесілді
Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 33 дропперлік топтың жолын кесті. Олардың банктік есепшоттары арқылы 112 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз айналымға түскен.
40-тан астам ұйымдастырушы анықталып, қылмыстық схемаға 500-ден астам адам тартылған. Соңғы екі айдың өзінде мыңнан астам дроп-карта бұғатталды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында алаяқтар 18 жастағы жігітті ұрлап, қорқытып, оның банк есепшоттарын қайта аштырмақ болған. Жетісу облысында тұрғын алаяқтардан түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап отырған. Ал Түркістан облысында Telegram каналы арқылы 20-дан астам студент пен кәмелетке толмаған жасөспірім қылмыстық схемаға тартылған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06