Президент АҚШ Конгресінің сенаторын қабылдады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдап, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді. Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, Президентті ауқымды саяси реформаларды табысты іске асыруымен құттықтады. Сондай-ақ әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы