Euronews қазақ тілінде халықаралық хабар таратуды бастады
Euronews қазақ тілінде хабар таратуды бастады. 14 тілде контент өндіретін ірі медиажелі үшін Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы серіктес. Бұл бастама ел азаматтары үшін әлемдік ақпарат кеңістігіне қолжетімділікті кеңейтпек.
Euronews халықаралық деңгейде хабар тарататын әлемдегі алдыңғы қатарлы арналардың бірі. Ірі медиажелі теледидар, цифрлық платформалар және әлеуметтік желілерде миллиондаған аудиторияны біріктіреді. Оның қазақ тілінде хабар таратуы отандық медиакеңістіктің дамуына және қазақ тілінің халықаралық ақпарат алаңындағы орнын нығайтуға ықпал етпек.
Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі:
Еuronews арнасының қазақ тіліндегі жаңалықтарын ашуы - бұл шынайы заң талабы. Бұл – уақытша үрдіс немесе сән үшін қолға алынған бастама емес. Бұл – мемлекеттік тілдің дамуына серпін беретін нақты жоба. Сонымен қатар еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту күші деп саналады.
Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Қазақ тіліндегі жаңалықтар жұмыс күндері YouTube платформасында қолжетімді болады. Кейін телеарна мен басқа да ақпараттық ресурстарға енгізіледі. Халықаралық контенттің шамамен 90 пайызы қазақ тіліне бейімделеді.
Педро Варгас Давид, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы:
Қазақстан біздің Орталық Азиядағы негізгі серіктес. Және өте үлкен мемлекет. Енді халықаралық жаңалықтар, бағдарламалар және басқа да контенттер қазақ тіліне бейімделеді. Бұл бастамаға өте қуаныштымыз. Айта кетейік, тәулігіне шығатын 497 контенттің 436-сы ана тілдеріңізде ұсынылады. Мен ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да табысты дами беретініне сенімдімін.
Айта кетейік, Euronews-тің Астанадағы кеңсесі 2024 жылы ашылған еді. Енді өңірлік бюро халықаралық жаңалықтарды қазақтілді аудиторияға жеткізетін ірі хабқа айналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы