Ақмола облысында ауызсу сапасын жақсартуға 4,2 миллиард теңге бөлінді
Ақмола облысының 444 ауылы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. 120 елді мекенге кешенді су тазарту блок-модульдері орнатылды.
Биыл ескірген су тарату желілерін жаңартып, судың сапасын жақсартуға бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлініп отыр. Есіл ауданындағы Красивое ауылы сапалы ауызсумен қамтылған елді мекендердің бірі. Оған қазынадан 800 млн теңге бөлініп, сумен жабдықтау желісі қайта жөндеуден өтті. Бұған дейін суды тасымалдап ішкен ауылдың 700 тұрғыны қазір тіршілік нәрінің қызығын көріп отыр.
Алтын Есенова, ауыл тұрғыны:
Судан қиындықты көп көрдік. Қыста су қатып қала береді, кейде су болмай қалады, арнайы құтымен тасимыз. Оның өзі ащы болды. Шай-тамаққа суды Есілден, бұлақтан әкелетінбіз. Енді су тартты. Забордың сыртына дейін тегін қазып әкеп берді. Үйге шейін балалардың өзі кіргізіп алды. Өте жақсы болды. Судың қазір рахатын көріп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06