Алакөлге 2 миллионнан аса турист келеді
Жетісудың жауһары – Алакөлге ағылған туристер қатары биыл да қалың болмақ. Осы маусымда шипалы көлге 2 миллионнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр. 320 демалыс аймағы жұмыс істейді. Сондай-ақ биыл 6,5 миллиард теңгеге алты жаңа туристік нысанның құрылысы басталды. Айдынды Алакөлдің жағасынан әріптесім Нұрдәулет Сыздық ақпарат жеткізеді.
Тілес Тасыбеков, турист:
Былтырға қарағанда биыл жақсы болып жатыр. Енді жылдан жылға дами береді. Көлімізде туризм дамиды деген ойдамыз.
Гауһар Намазбаева, турист:
Былтырға қарағанда биыл өзгерісті көп жасапты. Яғни былтыр біз келген кезде тапшандар болмаған. Ал биыл тапшандар, адамдардың демалуына көп жағдай жасап қойыпты.
Алакөлге демалуға келгендер санитарлық тораптардың жеткіліксіздігін жиі
айтатын. Биыл туристік маусым қарсаңында жағалауға қажетті керек жарақтың дені
орнатылды. 720 қоқыс жәшігі мен 40-тан
астам киім ауыстыратын жер бар. Ал демалушылардың қауіпсіздігі үшін
бейнебақылау камералары іске қосылды.
Марлен Көлбаев, Жетісу облысы
әкімінің орынбасары:
Осы Ақши ауылында 30 камера, Көктұма ауылында 9 камера жағалау бойынша орнатылды. Бұл камералардың барлығы орталық жүйеге қосылды. Ол жақта күндіз-түні кезекшілік жүргізіледі.
Туристік аймақта кәсіпкерліктің дамуына қолбайлау болған негізгі мәселелердің
бірі – кәріз жүйесінің тапшылығы. Бұған дейін қонақ үйлер ағынды суды арнайы
көлікпен тасымалдауға мәжбүр болған. Бұл кәсіпкерлерге де, туристерге де
қолайсыз. Осы мәселені шешу үшін кәріз-тазарту нысанының құрылысы жүріп жатыр.
Мәди Отарбаев, мердігер компания өкілі:
70 пайыз құрылыс-монтаж жұмыстары бітірілді. Бітіретін жұмыс – 31 қыркүйек, осы 2026 жылы бітіреміз. Технологияны орнына келтіріп, содан кейін, 2027 жылдың көктемінде, пансионаттар орталық кәріз жүйесіне қосылғанда, бәрі істейді.
Қызыл судан төнетін қауіп – Алакөлдегі өзекті мәселенің бірі. Жағаның шайылуын
тоқтату үшін ұзындығы 14 шақырым болатын қорғаныс бөгеті салынып жатыр. Екі ай
бұрын құрылыс барысын көріп қайтқан едік. Содан бері жұмыс бір сәтке де
тоқтамаған.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Өздеріңіз байқағандай, қазір Алакөл жағалауында құрылыс жұмыстары қызған. Су қорғанының 960 метрі бірер ай бұрын салынса, қазір оның ұзындығы 1,5 шақырымнан асты. Құрылысшылар су тірегінің блоктарын бетондап жатыр. Дәл осылай жалғаса берсе, құрылыс жұмыстары келер жылдың маусым айында аяқталуы мүмкін.
Алакөл жағалауында 320 демалыс аймағы жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 6 туристік
нысанның құрылысы басталды. Мамандардың сөзінше, қолға алынған жобалар толық
аяқталса, өңірдің туристік әлеуеті артып, демалушыларға көрсетілетін қызмет
сапасы да жақсара түседі.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Astana AI Week 2026» халықаралық форумы басталды
07.07.2026, 20:56
«Qyzyljar Music Fest» музыкалық фестивалі өтіп жатыр
07.07.2026, 20:55
Экомәдениет қалдықты сұрыптаудан басталады
07.07.2026, 20:53
Заң үстемдігі – әділетті қоғам кепілі
07.07.2026, 20:40
Қостанайда кәсіп бастауға 200-ден астам қайтарымсыз грант беріледі
07.07.2026, 20:39
Алматыда жыл соңына дейін 8 мың автотұрақ ақылы болады
07.07.2026, 20:27
Euronews қазақ тілінде халықаралық хабар таратуды бастады
07.07.2026, 20:21
Ұлыбританияда егде жастағы сайлаушылардың белсенділігі жоғары
07.07.2026, 20:19