Басты Жаңалықтар Астанада 3 жаңа өндіріс орны ашылды

Астанада 3 жаңа өндіріс орны ашылды

Елорда күніне орай Астанада үш жаңа өндіріс орны пайдалануға берілді. Олар пластикалық медициналық бұйымдар, жылыту қондырғылары мен кәріз суын тазартатын жабдықтар шығарады. Бұл жұмыстар жалпы құны 2 млрд теңгеден аса инвестиция тартып, 150-ден аса жаңа жұмыс орнын ашуға сеп болып отыр.

Зауыттар №1 Индустриялық паркінде орналасқан. Олардың алғашқысы пластикалық медициналық бұйымдар шығарады. Жобаға негізінде 4 млрдтан аса инвестиция тартылып, 54 жаңа жұмыс орнын ашылған. Кәсіпорын жылына 12 млн дана өнім шығаруға қауқарлы. Екінші нысан - Nomad Tech Engineering. Мұнда жылыту қазандықтарын жасалады. Зауыт басшылары дәл осы арқылы өндірістегі отандық өнімнің үлесін арттыруды көздейді.

Сәбит Мұхамеджанұлы, «Астана инвест» ЖШС төрағасының орынбасары:

Қазандықтар еліміз ғана емес шетелге де экспорттау жоспарланып отыр. Бұл қазандықтар Еуропа және Солтүстік Африка еліне де апарылады. Және елімізге 50-50 пайыз болып есептеледі. Құрылысына және ішкі құралдарының бәрі шетелден келген. Неміс және Қытай өндірушілерінен алынған. Осы құрылғылардың арқасында жылына 19-25 қазандық дайындауға қауқары жетеді.

Жаңашылдықтар жұмысшыларға да жігер берген. Замануи техникалар қызметімізді әлдеқайда жеңілдетті, дейді олар.

Жасұлан Тұранов, дәнекерлеуші:

Өте қуаныштымыз. Елордада осындай зауыт ашылып жатыр жаңа деңгейде. Осы зауытта бәрі жаңа машиналар, жаңа техника. Жұмысымыз қазір оңай, қатты ауыр емес.

Үшінші жоба жұмысы кәріз суын тазартатын жабдықтарды шығаруға бағытталған. Өндіріс ошағында жыл сайын 200 бірлік өнім дайындалмақ. Алдағы уақытта зауыт өнімдері еліміздің барлық өңіріне жеткізіледі.

Бөлісу