Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылған мәдени жоба
биыл төртінші рет өтіп отыр. Басты ерекшелігі – қазақтың әншілік және күйшілік
мектептерін бір сахнада тоғыстырып, ұлттық өнерді жаңа технологиялармен
үндестіре білуінде.
Шараға 90-ға жуық өнерпаз қатысып, қазақтың дәстүрлі өнерінің сан қырын
көрермен назарына ұсынды. Олардың қатарында Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова,
Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас
Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова,
Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева,
Гүлмира Сарина сияқты дәстүрлі өнер майталмандары бар.
«Асыл мұра» концерті жылдан жылға мазмұны жағынан да, деңгейі жағынан да өсіп келеді. Әр ұлттың өзіне тән асыл құндылығы болады. Қазақ үшін сол құндылықтың бірі әрі бірегейі – домбыра. Өз халқының құндылығын дәріптеген адам – ұлтының нағыз жанашыры. Бүгін Ұлттық домбыра күні. Осы мерекемен барша халықты шын жүректен құттықтаймын! Домбыраны насихаттау халқымыздың берекесін, рухын көтеру деген сөз», – деді күйші-композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Ахат Байбосынов.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06