Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
Аптада мынадай маңызды жаңалықтар болғанына тоқталып кеткім келеді: Жаңа Конституцияға орай жасалатын рақымшылық туралы заңға Президент қол қойды. Амнистияға 15 мыңнан астам адам ілінбек. 4,5 мың адам қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатылады. 10 мың 800 адамның жазасы қысқартылады. Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға да рақымшылық жасалады. Заң аясында 1 млн құқық бұзушылық бойынша шамамен 17 млрд теңге айыппұл кешірілмек. Арасында жол ережесін бұзғандардың айыппұлы да бар. Биылғы 17 наурызға дейін салынған айыппұлдар кешірілмек.
Қыркүйектен бастап мектеп бағдарламасына үш жаңа пән енгізіледі. 5–11-сыныпта «Жеке қауіпсіздік», 5–7-сыныпта «Конституция негіздері», 8–11-сыныпта «Заң және тәртіп» пәні оқытылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы