Елімізде бір жылда электромобильдер саны 56% өскен
Ел ішінде бір жыл ішінде электромобильдер саны артқан. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде 25 мыңға жуық жеңіл электромобиль тіркелген. Осылайша бір жылдың ішінде мұндай жеңіл көлік шамамен 56%-ға өскен. Былтыр олардың саны 16 мың болған. Электромобильдердің көбі Алматы шаһарында, қала көшелерінде 15 мыңнан астам көлік жүреді. Бұл – жалпы санның 62%-ы. Одан кейін Астана қаласы мен Алматы облысы. Ірі қалалармен қатар қазір өңірдегі жүргізушілер де электрокөлікпен жүре бастаған. Жыл сайын нарықта электрлі қозғалтқышы бар жаңа модельдер көбейіп, бұл көлік түріне сұраныс артып келеді.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06