Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан алтын қорын ұлғайтты
Қазақстан алтын сатып алудан
қайтадан үздік бестікке кірді. Мамыр айында еліміз қорға 7 тонна жинады. Бағалы
металды молынан сақтап отырған мемлекеттердің көшін Польша бастап тұр. Белгілі
рейтинг World Gold Council-дің дерегінше, бір айда 18 тонна сатып алған. Үздік
үштікте қорын шамамен он тоннаға толықтырған Қытай мен Өзбекстан да бар.
Қазақстан төртінші орында. Бестікті Сингапур түйіндеп тұр. Ал Ресей мен Түркия,
керісінше әдеттегіден аз алтын алған.
Жыл соңына дейін 36 мың тұрғын газбен қамтылады
Шалғай аудандардың барлығына
дерлік газ жеткізіледі. Энергетика министрлігі
кешенді жоспарды әзірлеуге кірісті. Былтыр 94 ауыл-аймақта көгілдір отын
өткізілді. Барлығы 84 ірі жоба іске асқан. 354 мың тұрғын соның игілігін көрді.
Енді жыл соңына дейін тағы 36 мың азамат отын жағып, көмір алу машақатынан
құтылады. Бүгінде табиғи газды пайдаланып отырған халық саны 13 миллионнан
асады. Тұтас елді қамтамасыз ету жайын Мемлекет басшысы қадағалап отыр.
Докторантураға құжат қабылдау басталды
Елде докторантураға құжат қабылдау басталды. Емтихандар 4-20 тамыз
аралығында өтеді. Тіркелу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтына
кіресіз. Тек бір жоғары оқу орнын және бір бағдарлама топтамасын таңдауға
болады. Кейін талапкер райынан қайтып, оны өзгерткісі келсе, өтінішті қайта
толтыруға 3-тамызға дейін уақыт беріледі. Тесттің өтетін орны мен уақыты жайлы
ақпар талапкердің жеке кабинетінде 9-тамызда жарияланады. Докторонтураға грант
конкурсына қатысу үшін кемі 75 балл жинау керек.
5 мыңға жуық оқушы бір мезетте «Би»
күйін орындады
Алдағы жексенбі Ұлттық Домбыра күні. Биыл мерекенің мәні ерек –
ғалым композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуымен тұспа-тұс келіп
отыр. Өңірлерде іс-шаралар басталып кетті. Мәселен, Палодарда 5
мыңға жуық оқушы бір мезетте Ахмет Жұбановтың «Би»
күйін орындады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ойсырата жеңді
03.07.2026, 18:12
Жұмыс берушілер ЖОО-на қоятын талаптарын айқындады
03.07.2026, 17:35
Ғылым мен білім – ел дамуының негізі
03.07.2026, 17:33
Конституциялық реформалар ҮЕҰ жұмысына серпін береді
03.07.2026, 17:30
Халықтық Конституция әр азаматтың мүддесіне қызмет етеді
03.07.2026, 17:27
Халықтық Конституция – құқықтық мемлекеттің тірегі
03.07.2026, 17:25
Астанада жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды
03.07.2026, 17:22
Қазақстан ЖИ және жоғары технологиялық өндіріс саласындағы екі халықаралық бастамаға қосылды
03.07.2026, 17:20