Басты Жаңалықтар Астанада жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды

Астанада жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды

Елордада Apple Store қағидатына негізделген жаңа буындағы Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Кеңседе азаматтардың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына басымдық берілген. Ал Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері цифрлық сервистерді пайдалану бойынша кеңес беріп, қажетті қызметті алуға көмектеседі. Smart Point кеңсесінде азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн компьютер арқылы өздері  рәсімдей алады. Ал eGovGPT жасанды интеллекті қажетті қызметті анықтап, қызмет көрсетуді жеделдетеді. Жаңа кеңсенің мүмкіндіктерімен Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев танысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев министрге Smart Point тұжырымдамасы мен кеңсенің функционалдық аймақтарын көрсетті.


Бөлісу