Жас судьяларға арналған емтихан цифрлық форматқа көшірілді
Сот жүйесіне соңғы үлгідегі технологиялар енгізіліп, жас судьяларға арналған емтихан түбегейлі цифрлық форматқа көшірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен арнайы брифингте мәлім болды. Енді талапкерлер емтиханды бұрынғыдай ұзақ уақыт күтпейді. Өйткені, ай сайын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Емтихан 5 кезеңде өтеді: тест, эссе жазу, практикалық кейстерді шешу, психологиялық тест және әңгімелесу. Тестің мазмұны толық жаңартылды. Мыңға жуық жаңа тапсырма әзірленіп, тәуелсіз ғылыми сараптамадан өтті. Мұның бәрі заң үстемдігі мен әділ төрелікті қамтамасыз етуге сеп болады, дейді Жоғарғы сот кеңесінің мүшелері.
Жанат Оспанова, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі:
Ең басты нәтижелердің бірі – сот жүйесінде ұзақ уақыт қордаланған кадр тапшылығы мәселесі шешілді. Жасыратыны жоқ, бірнеше жыл блойы сот жүйесінде судьялардың тапшылығы сақталды. Бұл тәжірибелі судьялардың жұмыстан кетуіне алып келді. Сондықтан біздің міндетіміз – кадр тапшылығын одан әрі азайту.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00