Басты Жаңалықтар ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ойсырата жеңді

ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ойсырата жеңді

Футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Испания Аустрияны ойсырата жеңді. Лос-Анджелестегі  SoFi Stadium стадионында  өткен ойында испаниялықтардың сапынан Микель Ояр  сабаль 36 және 89-минуттарда гол соқты. Одан кейін, 66-минутта Педро Порро есепті еселей түсті.

Осылайша, Испания құрамасы 3:0 есебімен Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Ал Канадада Португалия мен Хорватия арасында ойын өтті. Матчта 2:1 есебімен португалдықтар басым түсті. Ойынның алғашқы 45-минутында екі команда да сақтық танытып, қақпаны қорғай алды. Бірақ екінші тайм басталмай жатып, Хорватия ойыншыларды алмастырып, 46-минутта Игор Матановичті алаңға шығарды. Бұл тактика көп ұзамай нәтиже берді. 53-минутта Иван Перишич есеп ашып, Хорватияны алға шығарды. 61-минутта Криштиану Роналду соққан гол бейнебақылау жүйесінің көмегімен оффсайд деп танылып, есептелмей қалды. Алайда 68-минутта Португалия құрамасы пенальти тебу мүмкіндігін алды. Нүктеге келген Криштиану Роналду мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. 81-минутта хорватиялықтардың голы тағы оффсайд себебінен есептелмеді. Осылайша төреші қосқан қосымша уақытта португалдықтар жеңісті жұлып әкетті. Енді 1/8 финалда футбол әлемінің ең басты текетірестерінің бірі – Португалия мен Испания матчы күтіп тұр.


Бөлісу