Астанада алғаш рет TazaFest фестивалі өтті
Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында елордада алғаш рет «Taza Fest» фестивалі өтті. Іс-шара жас буынның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың идеяларын көпшілікке таныстыруға мүмкіндік берді. Фестивальге оқушылар, студенттер, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасты.
Айнұр Маратқызы, тілші:
Бүгінгі экологиялық фестиваль бұрынғыдан өзгерек. Бұл жолы ұйымдастырушылар тазалық акциясын ойын-сауық, ғылым, инновация және ашық пікірталас алаңдарымен ұштастырған. Яғни жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілген.
Шұғыла Құдайберген, Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары:
Бүгін бізде «Taza Fest» фестивалі. Бұл жерде жастарды бір ортаға, «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» идеясы аясында бір жерде ұйымдастыру. Бұл жерде алдын ала хабарландыру беру арқылы экологиялық проектілер, яғни ол суды үнемдеу, жасыл ортаны бейімдеу, жасыл ортаны қорғауға байланысты жастардың арасында арнайы хабарлама беріліп, жобаларды жинастырған болатынбыз. Өздеріңіз көргендей, бүгін қатысушылардың саны өте көп. Басында 5-10 шақты хабарландыру келсе, бүгінгі күнге 30-дан асып, қатысушылардың жалпы саны 100-ден асты.
Айнұр Маратқызы, тілші:
Фестиваль аясында мектеп оқушыларының экологиялық өнертабыстарының көрме-байқауы ұйымдастырылды. Жас өнертапқыштар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 30-ға жуық жобасын көпшілік назарына ұсынды.
Ләззат Абдықал, қатысушы:
Біз 2 макет әкелдік: таза қала және де лас қала бейнеленген. Таза қалада біз адамдар қалай өмір сүру керек екендігін көрсетсек, ал лас қалада қандай жағдайда, қандай уақыттарда осындай қалаға айналдырмауымыз туралы көрсетеміз және де мысалы, таза қалада көріп тұрғандарыңыздай, макетте биік-биік ғимараттар, күн және жел электр станциялары, кең әрі таза көшелер бейнелеген.
Айнұр Маратқызы, тілші:
Фестивальдегі негізгі шаралардың бірі жастардың қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі болды. Ашық диалог барысында қатысушылар экология, қалалық ортаны дамыту және жастар бастамаларын қолдау мен жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Адият Қайреденов, қатысушы:
Бүгінгі тақырыпта «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» осы тақырыптарда ой бөлісіп, пікір айтысып жатырмыз. Бұл фест өтіп жатқанына мен өте қатты қуаныштымын. Себебі жастарға бұл бір үлгі береді. Пайдасы өте үлкен.
Айнұр Маратқызы, тілші:
Ерекше форматта алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 200-ге жуық адам қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай бастама жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп есептейді. Сондықтан фестивальді алдағы жылы да өткізуді жоспарлап отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15