Әбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби
– ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Ол 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. Ғұлама Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр Әл-Фараби туралы қызықты деректер:
* Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама өмір сүрген кезең Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған уақытқа тұспа тұс келді.
* Болашақ ғалым 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді.
*Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасаған. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.
* Тарихи деректер бойынша ойшыл, философ 70-ке жуық тіл білген.
* Ол философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырған.
* Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары салаларын терең меңгерген. Сондай-ақ өзі де осы бағыттарда құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
* Әбу Наср Әл-Фараби саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған.
* Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған.
* Ол
– алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы