Басты Жаңалықтар Алтын Орда – сауда мен логистикада революция жасаған алғашқы мемлекет

Алтын Орда – сауда мен логистикада революция жасаған алғашқы мемлекет

Алтын Орда – сауда мен логистикада революция жасаған алғашқы мемлекет

Алтын Орда дәуірінде саудагерлерден небәрі 3% салық алынған. Есесіне мемлекет көпестерге барынша қолайлы жағдай жасап, әр 25-30 шақырым сайын бекет пен керуен сарайлар тұрғызған.

Жолаушыларға тынығатын орын, ат ауыстыратын бекеттер мен қауіпсіз жол қарастырылды. Тіпті керуенді қарақшылар тонаса, шығынды мемлекет өз мойнына алған. Осылайша Алтын Орда тарихтағы алғашқы мемлекеттік сақтандыру жүйесін қалыптастырды.

Нәтижесінде әлем саудагерлері дәл осы дала жолын таңдады, ал Алтын Орданың теңгесі халықаралық валютаға айналды.



 Алтын Орданың даңғасы бір кездері әлемдік валютаға айналды. Бүгінгі «теңге», орыстың «деньги» сөздері де осы «даңға» атауынан тараған.

Өзбек хан дәуірінде 50-ге жуық теңге сарайы жыл сайын 30 млнға жуық тиын соққан. Бұл Ұлық ұлыстың сол кезеңдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болғанын көрсетеді.

Империя байлығы алым-салықтан емес, халықаралық саудадан түсті.

Бөлісу