Басты Жаңалықтар Астанада Қазақстанның тарихи карталар галереясы мен кәдесыйлар алаңы ашылды

Астанада Қазақстанның тарихи карталар галереясы мен кәдесыйлар алаңы ашылды

«Тарих. Мұра. Өнер». Осындай атаумен Президенттік орталықта Қазақстанның тарихи карталар галереясы мен кәдейсыйлар алаңы ашылды. Жоба Мемлекет басшысының тарихи-мәдени мұраны сақтау және ел тарихын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Ғылымды, музей кеңістігін және ағартушылық қызметті тоғыстыратын заманауи ғылыми-білім беру алаңы ретінде қызмет ететін көрме ұлттық мемлекеттіліктің сан ғасырлық тарихы мен елдің бай мәдени мұрасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізу ісінің өзара сабақтастығын айшықтайтын маңызды бастама. Мұнда XI–XIX ғасырлар аралығында араб, еуропалық және ресейлік зерттеушілер жасаған тарихи карталар қойылған. 

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Еуразия ұлттық университеті жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры, профессор:

Әрбір қазақ мемлекетінің картасы, бұл Қазақ мемлекетінің төлқұжаты. Яғни, бүгін 1 шілде күні жаңа Конституциясының күшіне енді. Ал осы карталар қазақ мемлекетінің арғы ғасырдан бері осы заманауи Қазақстанға дейін уақытқа дейін қандай мемлекеттік дәстүрлер бар екенін көрсетіп отыр.
Бөлісу