Басты Жаңалықтар Халықтық Конституция – жаңа дәуірдің бастауы

Халықтық Конституция – жаңа дәуірдің бастауы

Халықтық Конституция – еліміздегі саяси және мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртқан жаңа дәуірдің бастауы. Алматы облысында өткен «Ата Заң – Қуатты Қазақстан!» атты конференцияға қатысушылар осындай пікір білдірді. Басқосуда Ата Заңның мемлекет іргесін бекемдеудегі, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы мән-маңызы сараланды. Сондай-ақ баяндамашылар Конституцияның заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық жауапкершілікті арттырудағы айрықша рөлін сөз етті.

Конституцияның күшіне енуі еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ауқымды саяси-құқықтық жаңғырудың бастауы болды. Жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тарихи күннің маңызына тоқталып, Ата Заңды елдің тұтастығы мен баянды болашағының берік кепілі ретінде бағалады.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Жаңа Конституция азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға, адам құқықтарын қорғауды нығайтуға және биліктің қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Ел өміріндегі бұл тарихи бетбұрыс – саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңарудың берік негізін қалап, Қазақстанның келешек даму бағытын айқындаған маңызды қадам. Басты құжат қоғам мен билік арасындағы өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге жол ашты»,- деді жиналғандар.

Арман Шәріпов, Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі:

Халықтың үндеуін Үкіметке жеткізу жалпы біздің бірінші міндетіміз болып есептеледі. Сондықтан жаңа заңымыздың енгізілуі, Конституциямыздың заңды күшіне енуі үлкен жетістік деп ойлаймын. Өйткені халқымыздың болашағы үшін маңызды.

Алина Кан, қоғам қайраткері:

Негізі болашақ деп айтамыз, болашағымыз жастарда, негізі болашақ – бүгінде, бүгінгі шешімдерде, бүгінгі жауапкершілікте. Сондықтан жаңа Конституцияны біз жастар қолдаймыз.

Жиын соңында қатысушыларға Конституцияның арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды. Бұл тағылымды рәсім Ата Заңның қоғамдағы орны мен құқықтық құндылықтарды дәріптеудегі жарқын көрінісі болды.


Бөлісу