Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Енді қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар бостандыққа шығады. Сонымен қатар кейбір сотталғандардың жазасының өтелмеген бөлігі қылмыстың ауырлығы, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезіндегі мінез-құлқы ескеріле отырып қысқартылады. Алдын ала есеп бойынша, амнистияға шамамен 16 500 адам ілігеді. Олардың ішінде 2 900-ге жуығы – әйелдер, соның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар аналар да бар. Алайда заң ауыр және қоғамға қауіпті қылмыстарға қолданылмайды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар және қайталап қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандарға да бұл ізгілік актісінің қатысы жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы