Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
Бүгін Пәкістан қауіпсіздік күштері Ауғанстанмен арадағы шекара бойында әуе және жаяу әскер операцияларын жүргізді. «Талибан» үкіметінің мәліметінше, бұл шабуылдардан кемінде 38 бейбіт ауғандық мерт болып, 163-і жараланған. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Сонымен қатар, бірнеше үй қираған. Жергілікті халықтың сөзінше, көрші мемлекет осындай әрекеттерімен Ауғанстан жұртына ондаған жылдар бойы қиянат жасап келеді.
Қажы Сауар Гүл, жергілікті тұрғын:
Олар Хостты бомбалағанда кінәсіз адамдар, соның ішінде балалар мен әйелдер, қарттар опат болды. Ал Кунарда өздеріңіз көргендей, оқушылар да, өзіміздің крикет командамыздың ойыншылары да мерт болды. Таңқалатын ештеңе жоқ. Пәкістанның бізге қысым жасап келе жатқанына 50 жыл болды ғой.
Бірақ Пәкістан ақпарат министрлігінің дерегінше, Пактия, Пактика және Кунар провинцияларындағы қарулы топтарға авиациялық соққылар беріліп, 25 адам қаза тапты. Ресми Исламабад Кабулды Пәкістан жерінде шабуылдар ұйымдастырған содырларды қолдады деп айыптап келеді. Алайда ауған тәліптері қарулы ұйымдарды Пәкістанның ішкі проблемасы деп атап, өзіне тағылған кінәні үнемі жоққа шығарумен әлек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы