Басты Жаңалықтар Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген

Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген

Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы жылдың I тоқсаны бойынша мобильді аударымдарында кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған 115 мың азаматқа ақпараттық хабарлама жолдады. Ескерту жеке шотына ай сайын 100 не одан да көп әртүрлі адамнан ақша түскен  немесе  үш айдағы аударымдарының жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан  яғни 1 млн 20 мың теңгеден асқан азаматтарға жіберілген. Хабарламалар түсіндіру сипатында және ешқандай айыппұл салынбайды. Егер аударымдар жеке мақсатта болса, кәсіпкерлік табыс болып саналмайды. Сондықтан мұндай жағдайларда азаматтар қажетті түсіндірмелерін ұсына алады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1414 байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуді ұсынады.

Ұлдана Сүлеймен, ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс хатшылық басқармасының сарапшысы:

Егер сіз осындай хат алған болсаңыз және іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, ол үшін бұрын тіркелмеген болсаңыз. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, алынған табысты тиісті салық есептілігіне көрсету. Салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау қажет.
Бөлісу