Цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау күшейтілді
Қазақстанда цифрландыру, киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау күшеймек. Мәжілісте қаралған заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды. Заң аясында киберқауіпсіздік талаптары күшейтіліп, цифрландырудың маңызды нысандарын бақылау бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілеттігі кеңейтіледі. Бұл стратегиялық ақпараттық инфрақұрылымдардың қорғалуын арттыруға бағытталған.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Президент өте маңызды заңға қол қойды.Өйткені, Конституцияда осындай адамқұқығын қорғайтын норма енгізгенбіз. Цифлрлық құқық деп. Әр азаматтың жеке құқы бар. Цифрлық даму кездінде сол құпиялардың бәрі қалу керек. Сол үшін барлық жауапкершіліктің бәрі көрсетілген. Кім қандай жұмыс істейтін, қалаймемлекеттік органмен қабылдаса да жауапкершілік міндетті түрде болу керек.Заңнамаға дербес деректердің идентификаторлары, деректерді иесіз және хэштеу сияқты жаңа ұғымдар енгізіледі. Сонымен қатар, деректерді өңдейтін ұйымдардың арнайы тізімі түзіледі. Бұдан бөлек, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық бейнемониторинг жүйесі құрылады. Бұл барлық бейнебақылау камераларын бір орталыққа біріктіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оқиғаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы, жаңа заң еліміздің цифрлық қауіпсіздігін арттыруға, жеке деректерді қорғауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған кешенді реформа болып отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47