Қымбат мүлікке салынатын салық өзгерді
Қазақстанда қымбат мүлігі барларға салынатын салық тәртібі өзгерді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардың белгілі бір санаттағы мүлкіне салық салуға қатысты бірқатар нормалар енгізілді. Комитет өкілдері «сән-салтанат салығы» деген арнайы ұғым жоқ екенін жеткізді. Дегенмен қымбат мүлікке қолданылатын мөлшерлеме қайта қаралған. Енді бір азаматқа тиесілі жылжымайтын мүліктің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асқан жағдайда, салық 2 пайыздық мөлшерлемемен есептеледі. Бұл ретте нарықтық баға емес, мемлекеттік органдар айқындайтын есептік құн негізге алынады. Мәселен, Астанадағы 100 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтердің есептік құны шамамен 15 миллион теңге, оған жылына 24 мың теңгедей салық салынады. Мамандардың айтуынша, мүлік құны артқан сайын төлем де өседі. 450 миллион теңгеге жеткен жағдайда салық шамамен 2 миллион 900 мың теңге болады. Ал одан асқан бөлікке қосымша 2 пайыз қолданылады. Жаңа нормалар биыл күшіне енеді. Ал алғашқы хабарламалар 2027 жылдың маусымында жіберіледі. Төлем мерзімі – 1 қазанға дейін.
Гүлмира Смағұлова, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:
Негізі, Салық кодексінде жеке «сән-салтанат салығы» деген ұғым жоқ. Бірақ құнды мүлікке қатысты бірқатар нормалар бар. Атап айтқанда, құны 18 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын автокөліктерге, сондай-ақ 24 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен жоғары яхта мен ұшақтарға 10 пайыз акциз салынады. Бұл талап ел ішінде сатып алынған немесе шетелден әкелінген көліктерге де қолданылады. Жылжымайтын мүлікке келсек, бөлек салық енгізілген жоқ. Бірақ биылдан бастап бір адамның барлық мүлкінің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асса, мүлік салығы жоғары мөлшерлемемен есептеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы